Лудоманияның алдын алу!

0
5

Жастар арасында құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу және оның зиянды салдарын түсіндіру мақсатында жастармен арнайы кездесу өтті.
Іс-шара №7 ЖОББМ-де ұйымдастырылып, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Канибетова Айгүл сөз сөйледі.
Кездесу барысында лудоманияның адам өміріне, психологиялық жағдайына, әлеуметтік қарым-қатынасына және қаржылық тұрақтылығына тигізетін кері әсері туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, тәуекелді мінез-құлықтың алдын алу, бос уақытты тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру, қаржылық сауаттылықтың маңыздылығы талқыланды. Оқушылар ой қозғау сұрақтарына жауап беріп, пікірлерімен бөлісті.
Құмар ойын — табыс көзі емес. Өз таңдауыңа жауапкершілікпен қара!
Өмірдегі шынайы жетістік — тәуекелге емес, мақсатқа, еңбекке және өз мүмкіндігіңе сенуге байланысты.

Comments are closed.