“Заң мен тәртіп” қағидаты аясында Жамбыл ауылдық округінде “Заңды біл-құқығыңды қорғай біл!” тақырыбында белсенді жастар арасында интеллектуалды ойын өткізілді

Интеллектуалды ойынға Меркі АПБ ҚҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Оңал Әділет және белсенді жастар қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар құқық, заң, азаматтардың құқықтары мен міндеттері тақырыптары бойынша өз білімдерін сынап, түрлі интеллектуалды тапсырмалар мен сұрақтарға жауап берді. Жарыс жастардың құқықтық білімін арттырып қана қоймай, тапқырлық, жылдам ойлау және командалық жұмыс қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – “Бүркіт” тобы
🥈 ІІ орын – “Самға” тобы
🥉 ІІІ орын – “Қыран” тобы
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен марапаттар табысталды.

















