Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Корея Республикасы» бизнес-саммитінде сөз сөйледі

0
6

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Корея Республикасы» бірінші бизнес-саммитіне қатысушыларға ілтипат білдіріп, Қазақстан Корея Республикасының Орталық Азия елдерімен экономикалық байланысты жан-жақты дамыту ниетін жоғары бағалайтынын атап өтті.
 
– Әлемдегі геосаяси шиеленіс жаһандық сауда мен экономикалық тұрақтылыққа бұрын-соңды болмаған қатер төндіріп тұр. Бұл жағдайда мемлекеттер арасындағы өзара түсіністік пен сенім табысты әрі ұзақмерзімді бизнес-серіктестіктің маңызды факторларының біріне айналады. Онсыз елдеріміз арасындағы сан салалы қарым-қатынас нәтижелі дамуы мүмкін емес. Бұл Қазақстанға да қатысты. Біз Корея Республикасымен ықпалдастықты ілгерілетуге бейілміз. Мемлекетіңізге, оның байырғы дәстүрлері мен мәдениетіне зор құрметпен қараймыз. Орталық Азияда табиғи ресурстардың мол қоры бар.

Comments are closed.