Жуалы ауданы – Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған өңірлердің бірі

0
8

Табиғаты қолайлы, топырағы құнарлы бұл аймақта дәнді дақылдармен қатар картоп өсіру де жақсы жолға қойылған. Соңғы жылдары шаруашылықтар заманауи технологияларды енгізіп, жоғары өнім беретін сұрыптарды көбейту арқылы өндіріс көлемін ұлғайтуға басымдық беріп келеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Биыл ауданда картоп 2600 гектар алқапқа егілсе, оның 460 гектары Нұрлыкент ауылдық округіне тиесілі. Бұл өңірде тұқым шаруашылығын дамытып, сапалы өнім өндірумен айналысып отырған жетекші шаруашылықтардың бірі – Түктібай ауылындағы «Злиха» шаруа қожалығы.

Comments are closed.