КОНСТИТУЦИЯ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТІРЕГІ

Меркі ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Қазақстан тәуелсіздігін нығайтудағы Конституцияның рөлі» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында Конституцияның ел тәуелсіздігін нығайтудағы, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі және қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудағы маңызы айтылды. Қатысушылар тақырып аясында пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.
Іс-шараға Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұжымы мен келушілері қатысып, жалпы 40 адам қамтылды.















