Аудан аумағындағы өрт және су қауіпсіздігі мәселелері тұрақты бақылауда

0
28

Осыған орай, аудан әкімі Ербол Жиенқұлов төтенше жағдайлар қызметінің өкілдерімен бірге бірқатар сауда нысандарын аралап, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталу деңгейін зерделеді.
⠀
Рейд барысында өрт сөндіру құралдарының жарамдылығы, эвакуациялық шығу жолдарының жағдайы және қызметкерлердің төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайындығына назар аударылды. Аудан әкімі сауда нысандарының басшыларына өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтап, қызметкерлермен тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертті.
⠀
Ербол Жиенқұлов тау шатқалындағы Меркі өзені бойындағы су қауіпсіздігі мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Қазіргі таңда қауіпті аумақтарға ескерту тақтайшалары орнатылып, бейнебақылау камералары жұмыс істеуде.
⠀
Адам өмірі мен қауіпсіздігі – басты құндылық. Сондықтан өрт және су қауіпсіздігі талаптарын сақтау әрбіріміздің ортақ міндетіміз. Осыған орай, аудан тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.

Comments are closed.