Жуалы ауданында су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында жалпы құны 1,05 млрд теңгеден асатын жобалар іске асырылуда, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жоспарға сәйкес ұзындығы 30 шақырымды құрайтын 5 канал қайта жаңғыртудан өтеді. Жобалар толық аяқталғаннан кейін аудан бойынша қосымша 1877 гектар суармалы жер ауыл шаруашылығы айналымына енгізіледі.














