📚Келешек мектептерінде «12 айда 12 кітап» жобасы басталады

📖Қазақстанда кітап оқу мәдениетін дамыту және «Зерделі ұлт» қалыптастыру жолындағы маңызды бастамалар жалғасуда.
✔️Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру аясында алдағы оқу жылынан бастап барлық Келешек мектептерінде «12 айда 12 кітап» жобасы жүзеге асырылмақ.
🖌️Аталған жоба ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың «Келешек мектептері» директорларымен кездесуінде берген тапсырмасымен жүзеге асады. Министр мектеп басшыларына жобаны тиімді жүзеге асырып, оны білім беру үдерісімен байланыстырудың өзектілігін атап өткен болатын.














