Ғылым мен бизнес бірлігі – жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Қазіргі таңда ғылым, білім және кәсіпкерлік арасындағы өзара байланыс жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Бұл бағыттағы оң өзгерістер экономиканың дамуына тың серпін беріп, нақты нәтижелерге жеткізуде., деп хабарлайды baq-orda.kz.
Соның айқын дәлелі – ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінетін қаржы көлемінің тұрақты өсуі. Мәселен, 2020 жылы 2,1 млрд теңге болған көрсеткіш 2025 жылға қарай 6,1 млрд теңгеден асып отыр. Бұл ғылымға деген қызығушылықтың артып, оның маңыздылығының күшейгенін көрсетеді.
Бүгінде ғылым мен бизнестің жақындасуына бағытталған жаңа тетіктер қалыптасып келеді. Әсіресе, кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға басымдық берілуде. Соның ішінде салықтық жеңілдіктердің енгізілуі ерекше маңызға ие. Енді ҒЗТКЖ-ға жұмсалған шығындарды шегерімге жатқызу мүмкіндігі пайда болып, салық салынатын табысты 200% мөлшерінде азайтуға жол ашылды. Бұл бизнестің ғылымға инвестиция салуына нақты ынталандыру береді.
Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен кәсіпкерлер арасында тиімді серіктестік орнап келеді. Ғылыми әзірлемелер енді тек зертхана деңгейінде қалып қоймай, нақты өндірісте қолдануға бағытталуда. Бұл өз кезегінде жаңа өнімдер мен технологиялардың пайда болуына мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлер палатасы мен М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті арасындағы ынтымақтастық та осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі. Қол қойылған меморандум ғылым мен бизнестің байланысын күшейтіп, инновациялық жобаларды қолдауға жол ашуда. Бұл бастама кәсіпорындардың ғылыми зерттеулерге белсенді қатысуына және жаңа идеялардың жүзеге асуына ықпал етеді.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда ғылым мен бизнестің үйлесімді дамуына қажетті алғышарттар қалыптасып отыр. Ең бастысы – осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, инновациялық мәдениетті кеңінен қалыптастыру. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс алдағы уақытта экономиканың сапалы өсуіне және бәсекеге қабілеттіліктің артуына негіз болары сөзсіз.














