Экономикалық серпін: нақты жобалар – нақты нәтиже

0
6

Өңір экономикасын жүйелі дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар өз нәтижесін беруде. 2025 жыл қорытындысы бұл бағыттағы оң өзгерістердің айқын көрінісіне айналды. Инвестиция тарту, өндірісті дамыту және кәсіпкерлікті қолдау – негізгі басымдық ретінде айқындалып, нақты жобалар арқылы жүзеге асырылды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Қаржылық көрсеткіштердің өзі тиімді жұмыстың дәлелі. Мәселен, жыл қорытындысы бойынша 134 млн теңге көлемінде пайда тіркеліп, активтер 31,3 млрд теңгеге жетті. Бұл экономиканың тұрақты өсімге бет алғанын көрсетеді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету де назардан тыс қалған жоқ. Тұрақтандыру қоры арқылы нарықтағы бағаны ұстап тұру, халыққа қолжетімді өнім ұсыну бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Қордағы өнім көлемі 4,4 млрд теңгені құрап, тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға ықпал етті.

Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асқан жобалар да өңір экономикасына жаңа серпін беруде. Көкөніс сақтау, өнім өңдеу, мал шаруашылығы бағыттарындағы бастамалар өндіріс көлемін арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде жүздеген жаңа жұмыс орны ашылды.

Жалпы алғанда, атқарылған жұмыстардың барлығы бір мақсатқа – тұрақты экономикалық өсім мен халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл – жүйелі саясат пен нақты іске негізделген дамудың айқын көрінісі.

Comments are closed.