ТАБИҒИ ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА
Меркі ауданында аудан әкімінің орынбасары Ернар Әбілдаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Жиын барысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарының барысы жан-жақты қаралып, аудан аумағындағы гидротехникалық нысандардың техникалық жай-күйіне талдау жасалды. Сонымен қатар «Көктем–2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындық деңгейі мен сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы шаралар талқыланды.
Комиссия отырысында жауапты мекемелерге төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіп-қатердің салдарын азайту және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер жүктелді.
Отырысты қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Ернар Әбілдаев тиісті сала басшыларына алдын алу шараларын күшейтуді, қауіпті кезеңге жан-жақты дайын болуды және барлық қызметтердің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.















