Абайлаңыз, балалар!
Жамбыл облысы аумағында 27-наурыз 10-сәуір аралығында өткізіліп жатқан «Абайлаңыз, балалар!» атты акциясы өз жалғасын табуда.
Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабын көбіне балалар шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар білуінің салдарынан деуге болады. Міне, осы акция аясында Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының Меркі ауданында, яғни жол бойында орналасқан Екпінді ауылы №22 жалпы орта білім беретін мектебінде мұғалімдердің қатысуымен және бастауыш сынып білім алушыларымен «Жол ережелері» тақырыбында Жамбыл облысы ППБ ПД 3-і взвод аға инспекторы полиция капитаны Ғалым Арыстанбаев Қазбекұлының ұйымдастыруымен кездесу өткізілді. Сондай-ақ жолдан өту туралы лекциялық түрлі жол ережелері тақырыбында сұхбат өрбітіліп, көптеген мағлұматтар мен кеңестер беріліп, бастауыш сынып балаларына жол ережесін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары мен практика жүзінде көрсетіп өтті.
Жүргізушілердің ережесі:
- Көліктерді тек ғана отырғызу алаңдары, ол жоқ болса тротуарда немесе жол жиегіне күтіп тұруға рұқсат етіледі.
- Жүргізушілерді себепсіз алаңдатпау керек.
- Жүк көліктердің жүк салғышына тұруға, барып қырына отыруға тыйым салынады.
Жаяу адамның міндеттері - Жаяулар тротуардың немесе жаяу жолдың оң жағымен, ал олар болмаса, жол жиегімен немесе велосипед жолымен жүруі тиіс.
- Жолдан өтіп бара жатқанда жаяулап себепсіз кедергі немесе тоқтап қалмауы тиіс. Көшеден өтпес бұрын, алдымен сол жаққа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жаққа қарау керек.
- Жарқылдақ маягі және арнаулы дыбыс белгісі қосылған көлік жақындағанда жаяулар жолдан өтпей тоса тұруы керек.
- Қараңғыда жүргізушілер көлік айдап бара жатқанда, жаяу адамдар үстіне жарық қайтарғыш тағып алу керек екендігін естен шығармаған абзал болар еді. Жол ережесін сақтауға, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметінің қандай екенін үйрету, жолда жүру ережесін дұрыс түсініп, оны пайдалана білуге үйрету, балаларға жол белгілерін қайталату арқылы, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту және оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу мақсатында бірлескен іс-шаралар, әрқашан өз нәтижесін берері анық жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік!
Перуза Батырбекова,
№22 жалпы орта білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары