ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ МЕН БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫНА ҚАТЫСАТЫН КАНДИДАТТАРҒА САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУҒА БАСПАСӨЗ БЕТІНЕН ОРЫН БЕРУ ТУРАЛЫ

0
24

Аудандық «Мerki Aqiqat“ газетінде орын беру шарттары мен тәртібі және төлемнің мөлшері жайлы

АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы“ Конституциялық заңының 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес «Мerki Aqiqat“ газеті сайлауалды үгіт-насихат материалдарын мақала түрінде жариялайды.
Үгіт материалын газетке жариялау үшін тіркелген кандидат немесе оның сенімді өкілі мынадай құжаттар ұсынады:

  1. кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
  2. кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
  3. өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
  4. шарт жасасу үшін адамның өкілеттігін растайтын құжаттар;

ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ҰСЫНУ ТӘРТІБІ
Үміткер немесе оның өкілетті өкілі үгіт материалының мәтінін газеттін кезекті саны жарыққа шығардан бес жұмыс күні бұрын ұсынуы тиіс. Материалдың мәтіні қағазға басылып, оған кандидат немесе оның сенімді өкілі қол қоюы қажет. Сонымен қатар электронды нұсқасы қоса болуы керек. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы“ Конституциялық заңының талаптарына сай келмейтін үгіт мақалалары қабылданбайды.
ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖАРИЯЛАУДЫҢ ТӘРТІБІ
Кандидат немесе оның сенімді өкілі үгіт материалының жариялану құнын 100 пайыз төлейді. Төлемақы, алдын ала келісім шартта қарастырылғандай, редакцияның реквизиті көрсетілген есепшотына аударылуы керек. Материалдар арнайы журналға тіркеліп, тіркелу кезегі бойынша, келісім-шартқа сәйкес жарияланады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыруға баспасөз бетінен орын беру туралы

ПРАЙС-ПАРАҚША
«Алтын қалам и К“ жеке серіктестігі газетінің меншік иесі:
– “Мerki Aqiqat“ (форматы А2, аптасына 2 рет: сәрсенбі жұма: екі тілде – қазақ, орыс; тілінде шығады. газеттің бірінші және соңғы беттері толық түсті; бір реттік таралымы – 2210 және бөлшек саудаға 300 дана).
Газетте материалдарды орналастыру бағасы: Мәжіліс депутаттығына саяси партиялардан ұсынылған, өзін-өзі ұсынған кандидаттар үшін бір см2 200 (екі жүз) теңге, мәслихат депутаттығына кандиттар үшін бір см2 150 (жүз елу) теңге ҚҚС-сыз. Материалдар келісім бойынша толық түрлі түсті болып та беріледі. Екінші, үшінші т.б. бір,екі бояулы беттер үшін бір см2 100 теңге.

«Меркі Ақиқат»

Comments are closed.