Салықты уақтылы төлеу – маңызды міндет
Біздің мемлекеттің салық саясаты, экономиканы дамытуда, әлеуметтік ахуалды көтеруде, үйлестіруші реттеуші рөль атқарып келеді. Салық жинау аса маңызды мемлекеттік қызметтердің бірі. Салық халықтың қазынасы, сол арқылы айлық аламыз, сол арқылы зейнетақы, шәкіртақы беріледі. Бұл – қоғамдағы үнемі айналымда болатын механизм.
Халықтың әл-ауқатының жақсаруы салық түсіміне байланысты. Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттырының бірі – бюджет кірісінің көлемін ұлғайту. Сондықтан Мемлекет салықтың толық түсуін қадағалап, елдің игілігіне айналуын басты назарда ұстап отыр.
2022 жылы Меркі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында атқарылған жұмыстар өте көп.
Жыл басынан мемлекеттік бюджетке 7191,4 млн. теңге салық өндіріліп, өткен жыл толымды көрсеткіштермен аяқталды. Оған төмендегі сандар дәлел.
Жалпы өткен жылға Меркі ауданы бойынша мемлекеттік бюджеттің болжамы 5905,2 млн. теңге болып бекітіліп, нақты 7191,4 млн .теңге түсіріліп, болжам 121,8 пайыз немесе +1286,2 млн.теңге артығымен орындалды. Белгіленген болжамның орындалуымен қатар түсімдердің өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғандағы өсу динамикасы да жоғары. Аудан үшін маңызды көрсеткіштің бірі – ол аудандық бюджеттің болжамы 3433,9 млн. теңге болып, нақты түскені, 4632,6 млн.теңгеге, немесе 134,9 пайызға орындалып, өткен жылмен салыстырғанда 2245,8 млн. теңгеге артық түсім түсірілді. Облыстық бюджеттің болжамы 1531,4 млн .теңге болып, нақты түскені 1531,9 млн. теңгеге яғни 100 пайызға орындалды. Республикалық бюджетке келсек, болжам сома 939,9 млн. теңге болса, нақты түскені 1026,9 млн. теңгеге орындалып, болжам сомасы 109,3 пайызға орындалды.
Жыл бойы аудандандық кірістер басқармасында құрылған аудандық салық базасын ұлғайту тобы тұрақты жұмыс жасап, нәтижесінде салықтарды әкімшіліктендіру бағыттары бойынша, 2022 жыл қорытындысымен мемлекеттік бюджетке 5905,2 млн. теңге қосымша резерв түсімі өндірілді.
Мемлекеттік қызметтер алу қазір заман талабына сай барлық қызмет көрсету сапасы жан-жақты артып, цифрландырылып жатыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бұрынғыдай кезекте тұрып, қағаз жинамай-ақ, қажетті қызметіңізді ала аласыз. Е-salyqAzamat мобильдік қосымшасы арқылы, мүлік, көлік жер салығы бойынша салық төлеуші қателесіп төлеген салығын қайта түзететін мүмкіндік алып отыр. Сонымен қатар,жеке тұлға өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін теру арқылы қанша қарызы бар екенін біле алады, алдағы төлемдерін де көре алады.Сондай-ақ, көлеңкелі бизнестің алдын алу бағыты бойынша, жұмысшылардың еңбек ақысын көру -мүмкіндігі іске қосылған. Сізге қанша айлық төленгенін, зейнетақы қорына қанша қаражат аударылғанын, сонымен қатар қанша табыс салығы төленгені барлығы көрініп тұрады. Мұның барлығы – көлеңкелі экономиканың алдын алу үшін атқарылып жатқан шаралар.Сонымен қатар жалпыға бірдей декларациясын e-salyq Azamat қосымшасы арқылы тапсыра алады. Оған бар-жоғы 1-2-ақ минут уақыт кетеді. Артық төленген ақшаны қайтарып алуға болады, не болмаса басқа салыққа, яғни мүлік салығынан жер салығына немесе жер салығынан мүлік салығына аударуға болады. Мұның барлығын ешқайда шықпай-ақ, үйде жасай аласыз. Яғни салық төлеушіге жағдай жасалып отыр. Жеке кәсіпкерлерге арналған қосымша да іске қосылды. «E-Salyg Business»- қосымшасында салықтар мен әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептелінеді. Мемлекеттік кірістер органдары 43 қызмет көрсетеді, оның 31 электронды және қағаз жүзінде алуға болады, 8 тек электронды түрде, 4 қызмет тек қағаз жүзінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер электронды түрде электронды үкіметтің egov.kz порталы, салық төлеушінің кабинеті арқылы алуға болады.
Сонымен қатар, қызметтерді оңай, жылдам және үйден шықпай кедергісіз алу мақсатында, дара кәсіпкерлікті ашу, дара кәсіпкердің тіркеу деректерін өзгерту қызметтерін екінші деңгейлікті банктердің мобильді қосымшалары және «E–SalyqBusiness» мобильді қосымшасы арқылы электронды түрде алуға болады.
Жалпы жыл басынан ауданда 37984 қызмет көрсетіліп, қызметтердің 99,9% электронды түрде 0,01% қағаз жүзінде жүргізілген.
Әр отбасы өз бюджетіне, табысына қарай күнделікті тұрмыс-тіршілігін, жүріс-тұрысын жоспарлайтыны белгілі. Мемлекет те сол сияқты. Салық түсімдері мен төлемдері елдің әрі қарай дамуына әсер етеді. Бірде-бір мемлекет экономикалық мүдделерін қорғамай, салық және кеден заңнамасының сақталуын бақыламай және бюджет түсімін қамтамасыз етпей, өмір сүре алмайды. Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттік кірістер органдарына миллиондаған қазақстандықтың әл-ауқаты үшін үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Ел тұрғындары да ұлттың болашағы үшін жауапты. Сондықтан салықты уақтылы төлеу – азаматтардың да маңызды міндеті, сонымен қатар жауапкершілігін арттырып қоғамның белсенді мүшесі ретінде ел экономикасының дамуына өз үлесі бар азамат екенін үғынуы.
2023 жылы салық кодексіне көп өзгерістер енгізілді, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық заңға қол қойды, 2023 жылдың 1 қаңтарынан Жалпыға бірдей декларациялаудың 2-кезеңі басталды. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет спорт және т.б. саласын қоса алғанда) және квази мемлекеттік сектор субъектілері және олардың жұбайлары тапсырады.Өзгерістер мен толықтырулар жөнінде жақын арада салық төлеушілерге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және семинар кездесулерде егжей-тегжей жеткізетін боламыз.
Атқарылған жұмыс аз емес, алдағы міндеттер одан да ауқымды. Сондықтан кіріс басқармасының әрбір қызметкері өзіне берілген міндеттерін терең түсініп, аудан және ел экономикасының мүддесіне аянбай еңбек ететін болады деп нық сеніммен айта аламыз. Өйткені салық –халық қазынасы.
Мурабек Сырлыбаев,
Меркі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы