Имандылық үйі есігін айқара ашты

0
28

Ия, Еліміз Тәуелсіздік алып, өрккениетке аршынды қадам жасап, өзінің көк туын желбіретіп, өшкенін жандырып, өткенін қалпына келтіріп, ата дәстүрді, салт-санамызды қалыптастырып, дербес, сәулетті, дәулетті мемлекетке айналды. Сол ұмытыла бастаған, көп теперіш көргендеріміздің ішіндегі ең қисындысы имандылық үйлерінің, мешіттердің үрдіс бой көтеруінде болды. Деректерге жүгінсек республика бойынша үлкенді, кішілі мешіттердің саны үш мыңға жақындапты. Сондай сәулетті, заманауи Мешіт, Тәуелсіздік меркесіне орай Екпінді ауылында, белгілі кәсіпкер Алмас Рақымбаевтың қаржылай демеушілігімен, ауыл тұрғындарының асарлатып, көп болып қолға алуымен, есігін айқара ашты. Мерекелік салтанатта алдымен құран бағышталып, бата оқылды.
Мұсылман қауым мен ниеттес қарақұрым тілеулестер жиналған мешіттің салтанатты ашылуына, аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Бақытхан Әбжаппаров қатысып, ақжарма тілегін білдірді.

Сыртқы да, ішкі де, екі жүзден аса адам сиятын, сәні де салтанаты да келіскен мешіттің ашылуында «Ғибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы құттықтау сөз сөйледі. Ол мешіттің бой көтеруі – ауыл тұрғындарының ынтымағы мен бірлігінің жарқын көрінісі екенін атап өтіп, баршаға үлкен алғысын білдіріп, имандылық тіледі. Сонымен қатар мешіттің жаңа имамымен таныстырды.
Ауыл қариялары Бектұрған Жамбабаев, Тоқберген Тұрлыбай сөз алып, осындай игі іс атқарған ауыл азаматарына, жомарт азаматтарға алғыстарын білдірді.
Ауыл тұрғындары, жастары Атымтай Жомарт, кәсіпкер, ауылдың атпал азаматы Алмас Рақымбаевқа ризалықтарын білдіріп, қос бірдей тұлпар мінгізіп, құрмет көрсетті.
Жаңа мешітте жұма намазы оқылып, арнайы дастархан жайылып, құран оқылды.
Сөйтіп, Екпінді ауылында бұрынғы кішірек мешіт орнына, кеңсарайдай асқақ имандылық үйі есігін айқара ашты.

«Меркі Ақиқат»

Comments are closed.