Меркілік өнерпаздар би байқауында Бас жүлдемен оралды
Меркі аудандық білім бөлімінің қосымша білім беру мекемесі оқушылар «Үміт» сарайының “Жібек Жолы» би тобы 27-қарашада Астана қаласында өткен Халықаралық «November Stars» атты хореографиялық байқауға қатысып, бас жүлдені иеленді.
11-14 жас аралығындағы жас бишілері «Аманат» биін билеп, костюмдері, бидің қойылымы өте жоғары бағаланды, педагог-хореографтар, Қазақ Ұлттық Хореография Академиясының халықаралық байқаулардың лауреаттары, хореография өнер мектебінің балет бишілері отырған қазылар алқасы, бірауыздан Бас Жүлдені «Жібек Жолы” би тобына беруді ұйғарды.
«Бала шабыты» байқауының Бас Жүлде кубоктарын жеңіп алып, 30000 теңгенің сертификатына ие болды. Сонымен қатар, үздік қойылым би даярлап, үздік таланттарды тәрбиелеп отырған хореограф Гауһар Талғатқызына «Үздік педагог» атағын беріп, би өнері мәдениетінің дамуына өз үлесін қосқаны үшін, алтыннан алқа тағылды.
Айта кетсек, «Үміт» Оқушылар үйінің бишілері бұған дейін де көптеген байқаулардың жеңімпаздары атанып келуде. Аудан абыройын облыс деңгейінде арттырып, асқақтатып жүрген балғын бишілерімізге шығармашылық табыстар тілейміз.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі