Дін және жастар
Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебінде жоғарғы сынып оқушылар ара-сында «Дін. Қоғам. Жастар» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты — терроризмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, жастарға ой салу. Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақ халқының діни ұстанымы мен салт — дәстүрлерін қастерлеп сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға атсалысу болып отыр. Кездесуге Меркі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының қызметкері, аға жедел уәкілі, полиция майоры Байтақов Ербол Мыңбайұлы, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, ақпараттық түсіндіру тобының жетекшісі Мамбетов Ақтөре Сағыналыұлы қатысып, оқушылардың сауалдарына жауап берді. Қазақтың көрнекті ағартушысы, ақын Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінің бірінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтып кеткен болатын. Бұл бізге, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді. Сондықтан мектеп жасындағы балаларына діннің дұрыс бағыттарын айқындап бергеніміз абзал.
«Меркі Ақиқат“