«Өрлеуде“ біліктілік курсы өтті
«Жамбыл-Өрлеу» кәсіби дамыту институтының ұйымдастыруымен Меркі ауданы бойынша тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды. Курс оқытушысы Бибі Арғынбайқызы. курста 30 мұғалім өз білімдерін жетілдірді.
Қоғамның тарихи білім беру саласындағы құзыретті мамандарға болған қажеттілігінің артуына байланысты тарих пәні мұғалімдеріне болған талаптар да күшейтілуде. Тарих пәні мұғалімдерінің пән мазмұны бойынша біліктілік тестілеу нәтижелері педагог құзыреттілігінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Сондықтан да, тарих пәні мұғалімдерінің тарихи оқиғалар мен процестерді, тарихи ақпаратты талдау және жалпылау дағдыларын дамыту маңызды болып табылады. Осыған байланысты, аталған бағдарлама тарих пәні мұғалімдерінің күрделі тақырыптар бойынша пәндік және әдістемелік құзыреттерінің сапасын дамытуға бағытталған.
Тарих пәні мұғалімдерінен алынған сауалнама нәтижесінде анықталған күрделі тақырыптар бойынша теориялық, практикалық және әдістемелік дағдыларын кеңейтуді негізге алады. Себебі, тарихты оқыту барысында пән мұғалімінің тарихи оқиғаларды талдау және бағалау дағдылары оқыту сапасына әсер ететін негізгі фактор болып саналады.
Жанар Байтулекова,
білім бөлімінің әдіскері