Астана жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің символы

0
51

Бүгінгі Астана – асыл тастан тұрғызылған асқақ қала. Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей Елорда, әлемдегі ең жас қала. Кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер, үкілі үміт, көркею, тәуелсіздік көрінісінің нышаны. Астана шаңырағы әлі де шарықтай түспек. Жаңа астананың келешегі толығымен XXI ғасырдың еншісінде. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас буындар.
«Астана» сөзі негізінен парсы сөзі, қазақша түсінігі астана — табалдырық, босаға, кіреберіс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдіреді.
Астана – Қазақстанның астанасы. Ал, Қазақстан – Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет.
Тарихқа бай Сарыарқаның ұлан-байтақ жерінде, қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі, жаңа бір мәдени-ғылыми, саяси ортаның шоғырлануы, Отанымыздың көркем, сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі – игіліктің нышаны деп білеміз.
Ел жүрегі болып саналатын «Ару қала», «Әсем қала», «Бас қала» атанып жүрген мемлекетіміздің елордасы — Астана қаласы. Қаламызға серуендеп тамашалауға келген әрбірінің көңілінде ерекше бір сезім мен толқыныс, асқақ мақтаныш пен сарқылмас ән тербеліп жатады десек қателеспеген болар едік.
Ару қаланың әрбір оралымы ашық бұрқақты аулалар, әсем безендірілген гүлзарлар мен көмкерген орманды алқаптарда бойтүзеген «Нұр Астана» мешіті мен «Бәйтерек», «Пирамида», «Ханшатыр», т.б. саяси және мәдени думан орталықтары мен түрлі тарихи мемориалды кешендері алуан түрлі.
Аспалы төрт көпір «Арқар», «Марал», «Тұлпар», «Беласар», сәнін айқара ашып, сылдырай аққан Есіл де әрі өткен, бері өткен жол кезектерінде өзіне қонақтарды шақырып, көз тартып жатады. Моторлы қайықпен серуен барысында Есілдің жағасына кезек қарай отырып, көзқарықтырған қала сәулетіне тамсанумен, шексіз әсерлі сезімдерге, шабытты толғаныстар мен тебіреністерге ие боласыз.
Бағдаршам белгілерінсіз ешбір көше, орам байқамайсың. Бұл қаланың архитектуралық безендірілуі қаншалықты озық ойлы екендігін білдірсе керекті.
Түнгі Астана қандай десеңізші?!
Түн қараңғылығы астында Ай сәулесінен нұр ала, алаулай жанған шамбалдар мен шырақдандар кім-кімді де естен тандырарлықтай. Әсем сазбен тербеле билеген су бұрқақтары, кең алаңды бойлай бой түзеген әкімшілік ғимараты мен ел қалаулылары – депутаттар үйі аралығын шығысы Бәйтеректей ансанбльмен және батысы Елбасының Ақ ордасы мен Министрлер үйі, Самұрық қазына компаниясымен шектестіре дүние бетіндегі ең бір асқақ сұлу кешендердің бар үйлесімділігін көрсетіп тұр.
Қала кешендерінің әрбірі бір тарих. Жеке-жеке тоқтала берсе, сөз жетпес. Күллі дүние есігін ашып қарап шыққандай әсер берген Астана төріндегі әрбір кешен – шығыстық, еуропалық құрылыс компазицияларынан үйлесім таба, өзіне қараушыны табындыра да, сағындыра да алған ерекше келбетке ие болған.

Comments are closed.