Сыбайлас жемқорлықтың салдары
Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықтың салдары» атты дөңгелек үстел отырысы Сарымолдаев ауылдық округі №9 «Меркі» колледжі оқытушыларының қатысуымен өтті. Отырыстың негізгі мақсаты білім алушы жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырумен қатар, сыбайлас жемқорлықтың салдары мен зардаптарын өскелең жас ұрпақтың тұла бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіру және жас буынның рухани болмысын бекіту арқылы жүзеге асыру болды. Адамның ниеті шындыққа негізделгенде өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез-келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан-дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді. Адалдық — ардың ісі. Адал адам — адами қасиеттерді, адалдық, шыншылдық, әділдікті бойына сіңірген, әлеуметтік жағынан дамыған, ұшқыр, ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын, өзгенің пікірін сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін саналы азамат. Адал болу — әр азаматтың борышы деп санаймын.
Асыл Тоқтаралиева,
№9 «Меркі» колледжі директорының оқу-ісі меңгерушісі