Дін және жастар
Дін — адам тарихының үлкен тағылым – тәрбиесінің бірі және сарқылмас даналық көзі. Егемен ел болып қалыптасуымыз, мемлекетіміздің өсіп, өркендеуінде діннің алатын орны зор. Өйткені, дін – имандылықтың, әділдіктің, сыпайылықтың, парасаттылықтың, көпшілдіктің, төзімділіктің кепілі. Діні, тілі жоқ халықтың – болашағы жоқ.
Жастардың діни ұстанымы және дінге деген көз қарастарын білу мақсатында Сыпатай Батыр мешітінің бас имамы – Әбдіманап Дулат Талғатұлы «Дін және діл» тақырыбында жастармен кездесті. Кездесу барысында жастар тәрбиесіндегі діннің алатын орны зор екенін атап айтты.
Жастар бір мемлекеттің ертеңгі құрушысына немесе бұзушысына айналады. Бір ұлттың ұлт болып қалуына кепіл тұлғалар. Жүрегінде иманы мен отанына, ұлтына деген сүйіспеншілігі бар жастар мемлекеттің тәуелсіздігі үшін ең үлкен кепілдік болмақ. Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелесең, болашағың соншалықты зейнетті болмақ. Ал өзіндік ұстанымы мен пікірі болмаған жастар әркімнің жетегінде кетіп, елдің сорына айналады. Сондықтан жастарға айтарымыз жастық шақтың қадірін біліңіздер.
Қымбат Ахай,
Жастар ресуртық орталығының бизнес – тренері