Тарихшылар кәсіби біліктілігін арттырды
Үстіміздегі жылдың 28 наурызынан 8-сәуірі аралығында «Жамбыл-Өрлеу» кәсіби дамыту институтының ұйымдастыруымен Меркі ауданында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тарих пәні мұғалімдерінің талдау және зерттеушілік дағдыларын дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан 25 мұғалім өз біліктіліктерін арттырды.
Курс барысында педагогтер тарих сабағында пайдалануға болатын түрлі талдау тәсілдерін, заманға қажетті 4К, Hard skills, Soft-skills дағдыларын, оқу бағдарламасын меңгеру бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданды, сонымен қатар қысқа мерзімді жоспарлау, бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бойынша жоспарларды құрастырып үйренді. Курс соңында мұғалімдер ықшам сабақтарды қорғап, сертификаттары табыс етілді.
Курсты «Жамбыл-Өрлеу» кәсіби дамыту институтының аға оқытушысы Бибі Арғынбайқызы жүргізді. Білім сапасының артуына мол ықпал ететін осындай курстарды ұйымдастырып, қажеттіліктерімізді өтеп отырған аға оқытушымызға үлкен алғыс білдіріп, қажырлы еңбектеріне шығармашылық табыстар тілейміз. Бибі Арғынбайқызы білім беру саласына айтарлықтай өз үлесін қосып, ел алғысына бөленіп келеді. Шығатын шыңы көп Бибі Арғынбайқызы ұстаздардың бойына білім мен біліктілікті қатар дарытып келеді. Ол өз міндетін абыроймен атқарып, сый-құрметке бөленген парасатты жан.
Жанар Байтулекова,
Меркі аудандық білім бөлімінің әдіскері