Қимыл–қозғалыстың пайдасы

0
247

Қимыл-қозғалыс бала ақыл-ой дамуының негізі. Қимыл-қозғалыс пен зерде бір — бірімен тығыз байланыс-та. Адамның қозғалуға деген қажеттілігі тыныс алу қажеттілігінен кейін екінші орында тұрады. Қимыл-қозғалыс ойындарымен жаттығулардың көмегімен бала-ның ағзасы нығайып, бұлшық еттері дамиды.

Баламен күнделікті жаттығулар барысында өз денесін басқаруға үйретеді. Жаттығулар денсаулығын ғана нығайтып қоймай, сонымен қатар оның өмір сүруге деген икемділігін де арттырады. Бала қаншалықты ерте қозғала бастаса оның миы да ерте дами бастайды. Баламен жаттығуларды орындаған кезде баланың даму ерекшеліктері, денсаулығы есепке алынады. Балаға арналған ойыншықтар бұлар тек қызықты зат қана емес, сонымен бірге баланың сезім мүшелерін, сөйлеу, тілін, түсінуін дамыту мен жетілдірудің тиімді құралы болып табылады. Әсіресе қол мен саусақ қимылдары, қимылдың тепе –теңдігі, тұрақтылығы мен икемділігін жетілдіреді.
Балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын бірден дұрыс қалыптастыру өте маңызды, Себебі оны қайтадан үйрету қиынға соғады. Қимыл қабілеттерін қалыптастыру баланың бойына және бала ағзасының дамуына тәуелді болады. Баланың қимылын серуен кезінде таза ауада жетілдірген жақсы. Жер бетінің тегіс болмауы, төбешіктер, кедергілер, жолда кездесетін тастар, ағаш-тың діңдері, арықтар бәрі баланың қимылының тепе-теңдігін үйлесімділігін жетілдіруге көмектеседі. Қимыл баланың дамуын ынталандырушы болады,ол жаңа нәрселерге практика жүзінде тануға мүмкіндік береді. Бұлшық ет белсенділігінің жетіспеушілігі баланың психикалық дамуын тежейді. Егер баланың даму деңгейінің оның жас шамасына сәйкестігіне қандай да бір күмәніңіз болса, онда ертерек керекті мамандарға баруыңызды өтінеміз.

Ляззат Жолымбекова,
Меркі ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің емдік дене шынықтыру нұсқаушысы

Comments are closed.