Омикрон штамм

0
205

Жаңа covid-19 штаммы “Омикрон”2021 жылдың күзінде Африканың оңтүстігінде анықталды. Бұл жаңа штамм пайда болған соң, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) омикронды «алаңдаушылық тудыратын» штаммдар тізіміне енгізді.
Жаңа штаммның қайдан,қалай пайда болғандығы белгісіз. Бірақ ғалымдардың көпшілігі вирустың басқа түрлері сияқты мутация негізінде пайда болған деген пікірмен келіседі.
«Омикронда» кездесетін көптеген мутациялар оны басқа штамдарға қарағанда жұқпалы екендігін көрсетеді. Ғалымдардың мұндай теориясы инфекция анықталғаннан кейін зерттеулер негізінде расталды. ДДСҰ мәліметтері бойынша, жаңа штамм бұрынғы түрлеріне қарағанда тезірек таралады. Бұл штаммының тез таралуы Денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің жоғарылауына әкеледі, ал осыған орай ДДСҰ жаңа штаммының жалпы қаупі «өте жоғары»деп бағалайды.
Бұл вирустың африкалық әртүрлілігі «дельтаны» тез ығыстырып, Оңтүстік Африка мен көрші мемлекеттерде, қазір тіпті әлемнің көптеген бөлігінде таралды.Бұл штаммды жұқтырған алғашқы адамдар Еуропада анықталды: Бельгия, Ұлыбритания, Германия, сондай-ақ Израиль.
Ғалымдар пікірінше, «омикрон» негізінен жоғарғы тыныс жолдарына әсер етеді. Омикрон штаммының негізгі көріністерінің арасында: бас ауруы, мұрынның ағуы, иіс жоғалуының болмауы, жөтел және мұрынның тітіркенуі.
Қазіргі таңда елімізде де, бұл штамм анықталып отыр. Омикрон штамм тез жұқпалылығы, қазіргі таңда эпидемиологиялық ахуалды ушықтырып отыр. Сол себепті, өзімізді және жақындарымызды біз тек, карантиндік шектеу шараларын сақтау және вакцинация арқылы сақтай аламыз. @densaulyk.zhambyl

Comments are closed.