Бала өмірдің жалғасы
Әр ата-ана баласының жақсы азамат пен азаматша болғанын қалайды. Олардың болашағы үшін алаңдап, алдыңғы өміріне азық боларлық тәрбие бергісі келеді. Сол себептен балаланың ортасы мен ұстаздары жақсы болғаны жөн. Бұл тіркестер бұрыннан белгілі. Қазақ халқында мақал бар «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» деген бекер айтылмаса керек. Сонымен қатар «жігітті жолдасына қарап таны» деген сөзді де естен шығармаған жөн.
Мектеп жасындағы балалардың қауіпсіздігі мәселесінің маңызы зор. Ата-ана жұмысына кеткенде, баласын уайымдамай жүру үшін мектептердегі қауіпсіздік шаралары сенімге селкеу түсірмеуі тиіс. Осы мақсатта мектепте қыркүйек айында «Қауіпсіз мектеп» акциясы жоспарланып, түрлі іс-шаралар атқарылып келеді. Білім алушылардың мектепке дейінгі жол қауіпсіздігі сызба нұсқасы жасалынып, ол суретте балада үрей тудыратын орындардың болу болмауы анықталады. «Қауіпсіздік басты міндет» тақырыбында ата-аналар жиналысы ватсап желісі арқылы жасалып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бастауыш сынып оқушыларымен «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. «Жол ережелері» тақырыбында әр сыныпта ашық тәрбие сағаттары өткізіліп, балаға жол ережесі таныстырылды.
Мектеп оқушыларына арнайы қауіпсіздік ережелері бар. Ауылдық жерде:
- Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр.
- Алдыңнан машина шықса жол бер.Тоқтап тұрған көліктің қасынан өткенде абайлаған жөн.
- Жол үстінде ойнап, сырғанақ теуіп, доп қуалауға болмайды.
- Жер тайғақ болса, жолда абайла!
Осындай қарапайым ережелерді сақтау арқылы балалардың қауіпсіз болатынын байқаймыз.Әсіресе бастауыш сынып оқушыларының сабаққа келіп кетуіне ата-анасы өздері уақыт бөлгені жөн. «Адам ұрпағымен мың жасайды» дегендей ұрпағымыздың тәрбиелі, білімді,парасатты болғанын қалаймыз.
Ел ертеңі-білімді жастар қолында! Қауіпсіз ортада жетіліп, ешқандай зорлық зомбылық көрмесе екен.Келеңсіз жағдай болдырмау үшін, бар күшімізді саламыз.
К.Н.Кулажанова,
№35 ЖОББМ ДТІЖО