Тәрбие бесік пен отбасынан

0
788

Қазақстан Республикасының «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» басшылыққа ала отырып, Отбасы құндылықтарын насихаттау, озат-ойлы, қайырымды, парасатты оқушыны анықтау мақсатында «ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» байқауының аудандық кезеңі Меркі аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Оқушылар «Үміт» сарайында өткізілді. Облыстық байқау ауданымызда 2019 жылдан бері өткізіліп келеді. Мәселен, 2019 жылы 34 отбасы, 2020 жылы 89, биыл 2021 жылы 418 оқушы өз отбасыларымен қатысты. Байқауға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Р.Қ.Төлебаев және Меркі ауданы әкімінің орынбасары Б.Бегалиевтер құттықтау сөз сөйледі. Жеңімпаз отбасылар №44, 1, 48, 18, 5, 20, 9, 17 мектептерден танылды. Марапаттауға аудандық ата-аналар комитеті, ақсақалдар кеңесі, қамқоршылық кеңес төрағалары шығып, құттықтады.
«Үздік оқырман отбасы», «Интеллектуалды отбасы», «Шығармашыл отбасы», «Шеберлер отбасы, «Өнерлі отбасы», «Өндірістегі үздік отбасы», «Ең салауатты отбасы», «Парасатты отбасы» номинациялары бойынша арнайы жүлделер берілді. «Парасатты отбасы» номинациясы атағына И.Трубицын атындағы №17 мектептен МЕРКІБЕКОВТЕР ОТБАСЫ ие болды.

Ә.Боранқұлова,
Оқушылар «Үміт» сарайы

Comments are closed.