Жемқорлық-індет, күресу-міндет

0
61

Таяуда «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпарациясы» коммерциялық емес АҚ Жамбыл облысы бойынша Меркі аудандық әлеуметтік қамтамсыз ету филиалы бөлімінде «Сыбайлас жемқорлық әсеріне жол бермеу және заңнама нормаларын сақтау туралы» басқосу өтті.
Оған аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Серік Құралбай, «NUR OTAN» партиясы Меркі аудандық филиалының сектор меңгерушісі Мәлік Нұрланов, ұжым мүшелері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша бөлім басшысы Усеин Кадиев жалпы жемқорлықтың қоғамға келтіретін зияны, оның туындау, пайда болу себептері туралы айта келіп ұжым мүшелерімен бұл тарапта тыңғылықты түсіндіру, «дөңгелек үстелдер» өткізіліп жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу, бөлімге әртүрлі санаттағы азаматтар, мүмкіндігі шектеулі жандар, ардагерлер көптеп қайырылып жататындығына байланысты барынша әділ, үлгілі қызмет көрсету міндет екенін айта келіп, мекемеде бұл тұрғысында айтарлықтай жұмыс жүргізіліп жатқаны туралы хабарлама жасады.
– ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңы, сыбайлас жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол «Мемлекекттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңдестірілген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымдық құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзіреттерін басқаша пайдаланып, заңсыздыққа жол береді» делінген. Біз өз саламыз бойынша мұндай заңсыздықты болдырмау жолын қатаң сақтаудамыз, -деді Усеин Ажиханұлы.
Өз кезегінде аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Серік Құралбай «шын мәнінде жемқорлық-қорлық, адамдық қасиетті белшеден басу» дей келе, аталмыш ұжымға зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы аналар жиі қайырлылатындықтан бұл заңсыздықты болдырмауға шақырды.
Ал «NUR OTAN» партиясы аудандық филиалының сектор меңгерушісі Мәлік Нұрланов «Қазіргі кезеңде баршамызды алаңдатып отырған мәселе сыбайлас жемқорлық. Одан оған жол бергендер де, пара бергендер де көп зардап шегіп отыр. Сондықтан қоғамдағы мұндай кеселмен көпшілік болып күресу керектігіне» баса назар аударды.
Басқосу сұрақ-жауап түрінде әрі қарай жалғасып, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» ҚР Заң талаптары ұжымның әрбір мүшесіне тиянақты таныстырылып, заң талаптарын қатаң сақтау туралы шешім қабылданды.

С.Мұқаев,
Меркі ауылы

Comments are closed.