ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен «Көмек керуені» қайырымдылық жобасы жүзеге асырылуда.
«Көмек керуені» облысымыздың барлық аудандарында жүзеге асырылуда. Жоба аясында түрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылып 1000-нан аса жастар қамтылды.
Қайырымдылық керуені аз қамтылған, көпбалалы, жалғызілікті қарияларға барлығы 50 отбасыға азық-түлік себеттерін таратты. Онда бірінші кезекте қажетті күріш, макарон, май, шай, қант және т.б. азық-түліктер қарастырылған.
Керуен аясында 20-дан аса сенбілік, 20-ға жуық жалғызілікті қариялардың үйін тазалау, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, кездесулер, семинарлар мен тренингтік жұмыстар жүргізілді.
«Ерікті кеңес беру» жобасы аясында аудандық жастар ресурстық орталықтарының бастамасымен терапевт дәрігердің, психолог және теолог мамандардың, сондай-ақ, жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері аудан тұрғындарына тегін кеңестер беруде.
Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы С.Берікқожа онлайн және офлайн форматта аудан жастарына «Мәңгілік ел жастары — Тәуелсіздік кепілі» тақырыбында лекция оқыды. Сондай-ақ, жоба аясында мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдау бойынша онлайн форматта түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Нұрсейіт ҚАРАБАЕВ,
Облыстық Жастар ресурстық орталығының ақпараттық-имидждік бөлімінің басшысы