Меркідегі мерейлі істер

0
55

Өткен аптада ауданымызға іссапармен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Буларов Ілияс Юсупұлы келіп, аудандағы бірқатар нысандарды аралады.

Ең алдымен Берік Егембердиев басқаратын «Береке Даст» шаруа қожалығында 20 гектар аумақтағы интенсивті алма бағын көрді.(суретте) Мұнда халық арасында аса сұранысқа ие «Голден Делишес» және «Ред Делишес» алма сорттары өсіріледі. Ілияс Юсупұлы алманың күтімі де, оны өсіру жағдайы да өте жоғары деңгейде екендігін атап өтіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Жергілікті жердің табиғатының ерекшелігін ескере отырып, жеміс бақшаларын тау етегінен бастау алып, жоғарыға қарай терасса әдісімен отырғызуды ұсынды.
Мәртебелі қонақ келесі кезекте «Нұржан» шаруа қожалығында болып, Нұржан Иманалиев басқаратын шаруашылықты аралады, онда 5 гектар жердегі таңқурай жемісі танабымен танысты. Бүгінде шаруа қожалықта 45 адам жұмыспен қамтылған. Жұмыс уақыты таңғы 5-тен түскі 11-ге дейін ұласып, содан соң жемістің күту ерекшеліктеріне байланысты кешкі 5-тен 8-ге дейін жалғасады екен. Қожалық басшыларының айтуы бойынша суғару жүйесі мен қосымша қаржыландыру өзекті мәселе екен. Таңқурайды өсіру технологиялық тұрғыдан өте қиын жеміс болып есептеледі. Сондықтан депутат қаржылық қолдаудың қажеттігін Үкіметке жеткіземін деп уәде етті. Ол өз ойымен бөлісіп, тамшылатып суғару әдісін ұсынды. Таңқураймен қатар алқаптың 1 гектар жерінде сарымсақ та өсіріледі екен.
Ілияс Юсупұлы «Рузиев» шаруа қожалығында да болды. Жеке кәсіпкер Рузиев Азиз форель балығын өсірумен айналысады. Бүгінгі күні ол жерге балықтың шабақтары жіберілген. Ілияс Буларов мырза өз ұсынысымен бөлісіп, сол мекенде киіз үйлер орнатып, жанына бассейн соғып, туристерге арналған қосалқы демалыс орнын салуды ұсынды.
«Береке» шаруа қожалығында мәжіліс депутаты көкөніс сақтау қоймасын көрді. Қойманың 5 мың және 15 мың тонна көкөніс сақтауға мүмкіншілікке ие резервуарлары да бар екен. Бүгінгі күні шаруа қожалықтары көкөніс сақтауға келісім шарт жасасса, қызмет көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Ал, қазір «Береке» шаруа қожалығының алма бағының жемістерін кептіріп алмақақ жасау ойда бар екенін айта кетті. Жеке кәсіпкер Рахымбаев кредитті өтеуге көмектесуді және тоңазытқыш мәселесін шешіп беруді өтінді. Депутат айтылған мәселелерді бақылауына алатынын жеткізді.
Парламент мәжілісі депутаты Меркі ауданындағы іссапары соңында Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығында болды.(суретте) Бұл орталықта ерекше күтімді қажет ететін балалардың жетілуіне жақсы жағдай жасалған. Орталық басшысы Ракаева Клара Балтабайқызы иппотерапия қызметінің жобасымен таныстырды. Сонымен қатар, ғимаратта спорт залы мен бассейн салу жұмыстарына қаржыландыруға қолдау көрсетуді сұранды. Депутат бұл ұсынысқа ерекше назар аударып, аталған мәселе бойынша депутаттық сауал жолдайтынын айтты, сонымен қатар ол өз сөзінде «Балаға қаршадайынан дұрыс күтім жасап,оны тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн» деп, орталықта ем алып жатқан 25 балаға арнайы сыйлықтар тарту етті.

Аудан әкімдігінің
баспасөз қызметі

Comments are closed.