Тұрғындарға кешенді кеңес берілді
Өткен аптада «ММ Меркі» сауда орталығында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан тұрғындарына, аудан жастарына тегін кеңес берілді.
«Жолдау дамудың жаңа бағыты» атты кешенді кеңес беріліп, жастар орталығының қызмет көрсету бөлім басшысы Сұлтаналиев Нұрбол Анарбекұлы аудан тұрғындарына келіп кеңес алуға шақырды. Мынандай салалар бойынша кеңес берілді:
– «MERKI ERIKTILER» волонтер қозғалысы;
– Жұмыспен қамту;
– Халыққа қызмет көрсету;
– Мелекеттік бағдарлама саласы;
– Жергілікті полиция;
– Бейбітшілік пен келісім;
– Мемлекеттік «Серпін» бағдарламасы;
– Адалдық алаңы.
Осы салалардың ішінде тұрғындар көп кеңес алғаны «Дипломмен ауылға» бағдарламасы. Бұл бағдарлама 2009 жылдан бері қолға алынып келеді. Бағдарлама мақсаты: ауылдық жерлерде жұмыс істеуге және тұруға келген білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мамандарына көмек көрсету болып табылады.
Қазіргі таңда тұрғын үй мәселесі көпті толғандырып жүр. Бұл салада Мадина Шакишова тұрғындарға үй мәселесін қандай жолдармен алуға болатындығын және көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға қалай көмек көрсетілетіндігін жеткізді.
Ал Өміралиев Ринат Бауыржанұлы халыққа қызмет көрсету, тұрмыстық нашақорлықты жою мен азаматтарға қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында тұрғындарға өз кеңесін берді.
Айтылған салалар бойынша аудан тұрғындары, жастары көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алып, керек кеңестерді тыңдап, рахметтерін айтты.
Нұрай Махан,
«Меркі Ақиқат»