Коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін салдырмаса не болады?

0
235

Вакцинаның екінші компонентін салдырмаса, адамда иммунитет қалыптаспайды. Өйткені екеуінің құрамы екі түрлі, дейді Лаура Мырзағали
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін салдырудың маңыздылығын түсіндірді.
Вакцинаның екінші компонентін салдырмаса, адамда иммунитет қалыптаспайды. Өйткені екеуінің құрамы екі түрлі. Сондықтан бір-бірінсіз адамның бойында иммунитет қалыптаспайды. Екінші компонентін міндетті түрде салдыру керек», — деді Мырзағали
Маманның айтуынша, вакцинаның екінші компонентін 21 күннен кейін де салдыруға болады.
Сонымен қатар Лаура Мырзағали жүктілікті жоспарлап жүрген қыз-келіншектерге вакцина салдырар кезде дәрігерімен кеңесуді ұсынды.
«Адам вакцина салдырған соң бір айдай уақыт өз жағдайын бақылайды. Дәрігерлер де бақылайды. Содан кейін жүктілікті жоспарласа болады. (…) Індет, вакцинаның өзі бізге жаңадан келіп жатыр. Сондықтан біз әлі мұның арты қалай болатынын білмейміз», — деді маман.

Comments are closed.