Жастарға қызмет – басты міндет

0
913

Меркі ауданында «Білімді жастар –  жарқын болашақ кепілі» атты кеңес беру іс-шарасы өтті. Оны ұйымдастырған аудан әкімшілігі ішкі саясат бөлімі мен Жастар ресурстық орталығы жастарға қызмет көрсету бөлімінің мамандары. Іс-шара барысында аудан әкімдігінің түрлі сала мамандары жастарға кәсіп ашу, салық төлеу, жұмысқа тұру, мемлекеттік бағдарламалар аясында баспана алу, жалпы 12 бағыт бойынша кеңестер берілді.

«ММ» ойын-сауық орталығында өткен іс-шараға аудан тұрғындары белсене атсылысып, келген мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарына жауаптар алды. Жастардың өткізген бұл шаралары барлық аудан жастарына көмек болатыны сөзсіз. Алдағы уақытта да бұл үрдіс  жалғасын тауып, жастарға бағыт сілтейтініне сенім білдіреміз.

Comments are closed.