ЖАҢА МАЗМҰНДЫ БАҒДАРЛАМАМЕН
«Өрлеу» БАҰО Жамбыл облысы бойынша педагоикадық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ауданымыздың тарих пәні мұғалімдеріне ағымдағы жылдыңң 26 наурыз бен 5 сәуірі аралығында Жаңартылған білім беру мазмұны аясында курс ұйымдастырды.
Курсты жүргізген Бибі Арғынбайқызы өзінің біліктілігімен, шеберлігімен түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, мұғалімдердің біліктілігін арттырды. Курстың мақсаты білім беру бағдарламасын жаңарту болып табылады.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізіп тәжірибе жасау. Сонымен қатар спиральді қағидатпен білім беру болып табылады.
Олай болса, заман талабына сай әр мұғалім өзінше ізденіп, үнемі жаңарып, жаңашылдық көшінен қалмай, кәсіби шеберлігін жаңа әдіс тәсілдер арқылы жетілдіріп отыруы қажет деп білемін. Осы мақсаттар негізінде жаңашыл мұғалім өз пәнін жетік білуімен қатар жаңа озық технология-
ларды меңгеріп қана қоймай, әлемдік стандарттарға ілесе білетін өз тарихы мен танымын жоғалтпаған озық ойлы болуы шарт.
Жаңартылған бағдарламаның біз үшін маңызы зор. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып әркім өзінің педагогоикалық шеберлігін арттырып, оқу жоспарын ажыратып, басқа тәсілмен сабақ жоспарларын құрып үйренудеміз. Жаңа бағдарлама аясында еңбек етіп, нағыз шебер мұғалім болып шығатынымызға толық сенімдімін. Осындай мұғалімнен білім нәрімен сусындап оқыған шәкірттер де бәсекеге қабілетті, өз ойын еркін жеткізе алатын, болашағына нық сенімді, аяғынан тік тұра алатын азамат болады деп ойлаймын.
Шығармашылық қабілет әр баланың табиғаты мен болмысында болуы мүмкін. Ұстаз міндеті оқушыға оның бойында жасырынып көрінбей жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші,ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші болады.Ал мұғалім осы іс-әрекетке тек бағыт беріп ұйымдастырушылық рөл атқарады.
Біз мұғалімдер қауымы: Эльберт Хаббарт айтқандай «Баланы оқытудың мақсаты-оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз-ақ дамытуға қабілетті ету» деген қағиданы басшылыққа алып отырмыз.
Қорыта келгенде ұстаздар қауымы курс жүргізген Бибі Арғынбайқызына және курсты ұйымдастырған институт басшысына үлкен алғысын білдіреді. Осындай курстар ауданымызға жиі-жиі ұйымдастырылып тұрса…
Жандар Мәжібаев,
М.Жылысбаев атындағы
№14 орта мектептің директоры