КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ- САПАЛЫ ОҚЫТУДЫҢ КЕПІЛІ
Көптеген дамыған елдердегі білім беру жүйесінде тың өзгерістер мен
табыстылық мұғалімдер тәжірибесін критериалды бағалауды ендіру және оны дамыту арқылы жүзеге асырылуда. Бағалау бірінші кезекте білімнің сапасын айқындау үшін қажет. Егер де біз өз жұмысымызда елеулі табыстарға қол жеткізгіміз келсе онда өткен уақыттағы және қазіргі нәтижелерімізді анықтауымыз керек, яғни жұмысымыздың оң жақтары мен кемшіліктерін айқындап оны бағалауымыз қажет.
Ағымдағы жылдың 8-26 сәуірі аралығында критериалды бағалаудың ерекшелігі мен жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша Меркі ауданындағы бастауыш сынып мұғалімдеріне үш апталық курс ұйымдастырылуда. Осы аталған курсты «Өрлеу»
біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Андия Бейсенқұлова жүргізуде. Курс-тың үшінші күні критериалды бағалаудың моделін және ерекшелігін тереңірек түсіндіру мақсатында мұғалімдер топта талқылап, тапсырмалар орындап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Педагогтер критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенетінін білді. Бұл бағалау түрі оқушылардың үлгерімі сыныптастарының үлгерімімен салыстырмалы түрде бағаланатын нормаға негізделген бағалаудан ерекшеленетінін айта келе, бағалаудың екі түрін анықтады.Олар қалыптастырушы бағалау-оқушыларды оқу және оқыту үдерісінде бағаланатынын, ал жиынтық бағалау оқуды бағалайтынын түсінді. Венн диаграммасы арқылы топтар дәстүрлі бағалау мен критериалды бағалауды салыстырып, нақты дәлел көрсетті. Критериалды бағалау мұғалімнің оқу үдерісінің сапасын жақсартуына мүмкіндік беретінін түсінді.
Б.Мұстафина,
ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері