«СЕРПІН – 2050»: ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

«Серпін – 2050» – еліміздің еңбек күші артық өңірлеріндегі жастарды кадр тапшылығы бар аймақтарда білім алуға және болашақта жұмысқа орналасуға бағытталған мемлекеттік білім беру бағдарламасы бойынша Жамбыл ауылының жастарымен кездесу өтті.
Бағдарламаның басты мақсаты – ауыл жастарына сапалы білім алуға мүмкіндік беру, кәсіби мамандық меңгерту және жастардың жұмыспен қамтылуына қолдау көрсету.
«Серпін» бағдарламасы жастарға: Жоғары және техникалық білім алуға;
Сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге;
Жаңа ортада тәжірибе жинақтауға;
Болашақта тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.
Жастар – ел болашағы. Олардың білім алып, кәсіби тұрғыда дамуына жағдай жасау – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі.















