Ақтоған ауылдық округінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Өз құқығыңды сақтап үйрен» тақырыбында жастармен кездесу ұйымдастырылды

0
4

Іс-шараға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастармен жұмыс жөніндегі маманы – заңгер К. Тоқтанова қатысып, ауыл жастарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында, жастардың құқықтары мен міндеттері, құқықтық сауаттылық пен заңды сақтаудың маңыздылығы, буллинг, құқық бұзушылықтың алдын алу және өзін-өзі қорғау жолдары кеңінен талқыланды.

Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, заңгер тарапынан жауаптар мен пайдалы кеңестер алды.

Comments are closed.