ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

0
5

Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағындағы сауда орталықтары мен ірі кәсіпорындарда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – өрттің алдын алу, нысандардағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және төтенше жағдай орын алған жағдайда қызметкерлердің дұрыс әрі жедел әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.

Кездесу барысында нысан қызметкерлеріне алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәртібі, өрт туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмі және қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар өрт сөндіргішті дұрыс қолдану тәртібі тәжірибе жүзінде көрсетілді.

Мамандар эвакуациялық жолдардың ашық әрі қолжетімді болуы, электр желілері мен жабдықтарының жарамдылығы, өрт сөндіру құралдарының белгіленген орындарда орналасуы және олардың тұрақты түрде тексерілуі қажеттігін атап өтті.

Төтенше жағдайлар бөлімі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың, сондай-ақ материалдық шығындардың алдын алудың маңызды кепілі екенін ескертеді.

Comments are closed.