Меркі ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды

0
3

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде Меркі ауданының тау шатқалында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен тазалық жұмыстары өткізілді.

Сенбілікке мекеме қызметкерлері белсене қатысып, табиғи аумақтарды қоқыстан тазарту және санитарлық жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар жүргізді. Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатқа жанашырлықпен қарау және экологиялық мәдениетті нығайту.

Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Осындай игі шаралар аудан аумағында тұрақты түрде жалғасатын болады.

#ТазаҚазақстан #МеркіАуданы #Тазалық #экологкүні #ТабиғаттыҚорғайық

Comments are closed.