Футзал және волейболдан өткен «Біз діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз» және «Спорт есірткіге қарсы» атты ұрандар аясындағы ойындардың қорытынды рәсімі өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінде қыс айлары бойы футзал және волейболдан өткен «Біз діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз» және «Спорт есірткіге қарсы» атты ұрандар аясындағы ойындардың қорытынды рәсімі өтті.
⠀
Іс-шараға аудан әкімі Ербол Жиенқұлов арнайы қатысып, қатысушыларды құттықтап, бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Мұратбек Көкрекбаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға алғысын білдіріп, жеңімпаздарды құттықтады.
⠀
Айта кетейік, қаңтар–сәуір айлары аралығында өткен турнирге футзалдан 45 жастан асқан ардагерлер арасында 8 команда, волейболдан мекемелер арасында 8 команда, сондай-ақ аудан тұрғындары арасынан 12 команда қатысып, өзара бақ сынады.
⠀
Салтанатты марапаттау рәсімінде жүлделі орындарға ие болған командалар дипломдармен және арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, волейбол бойынша тұрғындар және мекемелер командалары арасында «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» номинациялары бойынша үздіктер анықталып, арнайы марапаттарға ие болды.
⠀
Жалпы командалық есеп нәтижесінде ардагерлер арасындағы үздік командалар да лайықты марапаттарын алды.














