СЕНАТОРЛАР МЕРКІ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бекболат Орынбеков пен Сәкен Арубаев Меркі ауданына жұмыс сапарымен барды.
Сенаторларды аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек қарсы алды.
⠀
Депутаттар Меркі ауылындағы «Қ.Жандарбеков» атындағы балалар өнер мектебінде әлеуметтік сала өкілдерімен кездесті. Жиын барысында сенаторлар Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жаңа жобадағы өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызын жан-жақты баяндап, олардың ел дамуы мен болашағына ықпалы туралы кеңінен айтты.
⠀
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер назарға алынды.
⠀
Сонымен қатар Сенат депутаттары Жамбыл ауылының тұрғындарымен және Меркі қант зауытының ұжымымен жүздесті. Бұл кездесулерде де Сенат депутаттары Ата Заңның жаңа жобасының негізгі бағыттары мен басты өзгерістерін түсіндіріп, азаматтарды 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысып, ел болашағы үшін маңызды таңдау жасауға шақырды.
















