Келісіп, пікір алмасылды

0
26

Жастарға қолдау көрсету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл ретте, мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп жатқан қолдаулар да аз емес.
Осы орайда, сол мемлекеттік бағдарламалар аясында берілетін қолдаулардың иігілігін жастар шынайы сезініп жүр ме?
Осыны назарға алған Меркі аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері тұрақты түрде кеңес беру алаңдарын өткізуде. Осындай іс-шаралардың бірі жақында аудан орталығында тұрғындар көп жиналатын «ММ-Меркі» сауда орталығында өтті.
Онда аудан әкімдігі бөлімдерінің, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтарының, аудандық полиция бөлімі мен аудандық аурухананың қызметкерлері, сонымен қатар, «Отбасы» банктің мамандары тұрғындарға өздерінің салалары бойынша кеңес берді.
Кеңес беру алаңында бос жұмыс орындары, тұрғын үй кезегіне тұру, атаулы әлеуметтік көмек алу, құқықтық мәселелер, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, жастарға берілетін жеңілдетілген несие мен қайтарымсыз грант алу сынды түрлі сұрақтар бойынша қайырылған азаматтарға мамандар тарапынан кеңестер берілді.
Сонымен қатар, мектеп бітіруші түлектерге арналған «Серпін» мемлекеттік бағдарламасымен оқуға түсудің жолдары мен бизнес бастауға бағытталған кеңестер ұсынылды.

Аудан әкімдігінің
баспасөз қызметі

Comments are closed.