Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем
«Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» атты апталық өтті. Мекеме бүлдіршіндері мен мамандар және ата-аналар белсене қатысты.
Ерекше білімді қажет ететін балалардың тілге, білімге, өнерге деген қызығушылығын арттыру, олардың ойлау, жан-жақты танымдық қабілеттерін қалыптастыру. Апталықты өткізу арқылы балалардың сөйлеу тілін дамытуға ықпал жасап, шығармашылығын шыңдау.
Алғашқы сөз кезегін мекеме меңгерушісі Утешова Гульнар Исрайыловнаның құттықтау сөзімен ашылды. Апталықтың барысы: Артикуляциялық жаттығулармен жалғасты. Ата-аналарға тренинг және сұхбат ұйымдастырылды.
Апталықтың 2-ші күні. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың ұсақ моторикасын дамыту арқылы ойлауын, зейінін, қабылдауын және сөздік қорын дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Практикалық сабақ саусаққа арналған жаттығуларды орындалды.
Ата-аналармен тренинг ұйымдастырылып, ата-аналар өз пікірлерімен ой бөлісті.
Апталықтың 3-ші күні. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, денесін шынықтыра отырып, ойлауын және сөйлеу тілін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Балалар екі қатарға бөлініп «Кім жылдам?» «Допты домалату» «Өрмекші» ойынына көшті.
Апталықтың 4-ші күні. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың сөйлеу тілін түрлі ойындар ойната отырып қалыптастырып, және дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
«Қоян және мысық» ертегісі. Балалармен саусақ жаттығулары. Тыныс алу жаттығулары: «Көбікті су», «Көңілді доп», Ысқырық». «Сиқырлы қап» «Жемісті тап ойыны» «Сөйлем құра» ойындары ойнатылды.
Апталықтың 5-ші күні. Мамандардың мекеме аясында жауапкершілік алумен ынтымақтаса жұмыс істеуін бірлесе отырып, тиімді шешімдерді таба білуді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Тренинг «Мен сізбен мақтанамын» Ойға шабуыл «Жағдаяттан шығу жолдары»: Мұғалімдерге (тренинг, жаттығулар) «Мен үйде және Мен жұмыста» жаттығуы «Ыстық картоп» ойыны Қорытынды:
Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді.
Ұлы мұғалім шабыттандырады – деген сөзімен біздің мамандықта керемет мұғалім болмау мүмкін емес. Сонымен қатар, біздің бүлдіршіндеріміз еңбегіміздің жемісін көрсетуі үшін ынтымақтаса жұмыс жасап, шеберлігімізді шыңдауымыз қажет.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің педагог-логопедтері.