Аналық алғысым шексіз
Құрметті оқырмандар! Сіздерді аналық арманымның орындалғаны туралы хабардар еткім келіп қолыма қалам алып отырмын. Аты-жөнім Тілеуқабылова Қартен Смайылқызы. Зейнеткермін. 1950 жылдардағы «Құмарық» ауылы бүгінде адам танымастай болып өзгерді. Бір кездері ауылымызға келіп, халықпен кездесу жүргізген облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарабаев, бұрынғы әкім Мейірхан Азатұлы Өмірбеков, ауыл әкімі Гаухар Жарасқызы Оспанова қызымызға алғысымыз шексіз. Себебі өтінішімізді аяқ асты қалдырмай, ауылдың өркендеуіне көп үлесін қосты. Сонымен қоса қазіргі аудан әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатов та белсенді ат салысты. Сонымен «Құмарық» ауылы қалаға айналды. Көшелерге 32 лампа жарық орнатылды. Газымыз жанып тұр. Мінберде отырған атқамінерлерге көп көп рахмет. Көшеміз асфальтталып, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін қуануда. Су жаңа емхана соғылды. Қазіргі таңда жұмыс жасап, халыққа көмектесуде. Ендігі айтарым індет елімізден аулақ болып, ұл-қыздарымыз үйленіп, құда-жекжат күтуден шаршамайық. Елдің қамын ойлаған ерлерге шын жүректен алғыс білдіреміз. Бақыттары баянды, денсаулығы мықты болсын. Ауылымыз күннен күнге көркейе берсін, егісті де жемісті болсын деймін. Қыздарымыз ұялы, ұлдарымыз зиялы болып, қазақ елінің атын әлемге танытатын азаматтар көп болсын.
Қартен Тілеуқабылова,
еңбек ардагері