Тәуелсіздік баянды болсын десек

0
178

Әрбір елдің тәуелсіздігі оның бойтұмары болып, табылады. Біздің еліміз құны баға жетпес, өз тәуелсіздігін қаншама ғасыр бойы армандады. Бостандық жолында сан қилы тарихи белестерді бастан өткерді. Азаттықтың жолында қаншама батырларымыз құрбан болса, теңдік үшін күрескен саяси қайраткерлеріміз де баршылық.
Барлығының ортақ арманы, ортақ мақсаты –елдің азаттығы мен еркіндігі, бостандығы болды. Қанша ғасыр азаттықты аңсап өтсе, сонша уақыт халқымызда сабырдың кілті сыр бермеді. Құласа қайта тұрды, үміті өшіп қайта жанды, тағдыр тәлкегіне қарсы тұрды. Осындай қаһармандық пен өжет қасиеттің арқасында бүгінгі тәуелсіздікке қол жетті.
Бейбітшіліктің жырын шырқап, тұғырын тіктеп келе жатқанымызға міне биыл 30 жыл толды. Осы жылдары еліміз қарыштап дамып, алға басып келеді. Әлемнің мен деген мықты елдерімен терезесі теңеліп теңесіп келеді. Өзіміздің мемлекеттік тіліміз, дініміз, рәміздеріміз, отанымыз, өзіндік құндылықтарымыз, мәдени ерекшеліктеріміз, салт-дәстүр мен әдет – ғұрыптарымыз, табиғи байлықтарымыз, ұлттық рухани байлықтарымыз бар. Осы қасиеттеріміздің арқасында әлем бізді танып, қызыға қарауда. Сондықтанда біз өз еліміздің біртуар перзенттері, патриот азаматтары ретінде өз тарапамыздан еліміздің өркендеуіне үлес қосуымыз қажет. Еліміздің тәуелсіздігін баянды ету жолында білек сыбана қызмет жасап, ақтық деміміз қалғанша рухани құндылықтарымызды өшірмей, қайта күннен күнге жандандыруымыз керек. Бәсекелестік дамып тұрған мына қоғамда өзімізді ісімізді жандандырып, жаңа технологияны дамытып отыруымыз абзал.

К.Б.Акбаева,
Ә.Хасенов атындағы №11 ЖОББМ мұғалімі

Comments are closed.