«Nur Otan» халықтық партия
Белгілі саясаттанушы Эдуард Полетаев жақында өткен ауыл әкімдерін сайлау туралы пікір білдіріп, «Nur Otan» жеңісінің жеті факторын атады.
Саясаттанушы хабарлағандай, кандидаттардың лайықты құрамы, ұйымдастырушылық және ресурстық мүмкіндіктер, үгіт жұмыстарының ұтымдылығы, саяси көшбасшылық, кері байланыс, жұртшылықтың тұрақтылықты қалауы, мақсаты айқын, нақты істер партиясы бола білуі «Nur Otan»-ның сайлаудағы жеңісінің басты себебі.
Бұл жолғы сайлауда партияның әр үміткерінің сайлауалды бағдарламасы болғанын атап өткен жөн. Бағдарламалар бір жағынан елді мекеннің өзекті мәселелерін нақты түсіне отырып, екінші жағынан, партияның сайлауалды бағдарламасы мен оларды жүзеге асырудың жол картасына негізделе отырып жүйелі түрде дайындалды.
«Nur Otan» 2021 Парламент және мәслихаттар сайлауы науқаны аясында еліміздің электоралды тарихында алғаш рет әрбір облысқа, қалаға, ауданға (барлығы – 216) арналған өңірлік сайлауалды бағдарламаларын әзірледі. Бұл ұстанымдар ауыл әкімі болуға кандидаттар бағдарламаларының негізіне айналып, электоратқа «Nur Otan»-ның жергілікті жерлердегі мәселелер мен проблемаларды шешу жөніндегі нақты жоспары бар жалғыз саяси күш екенін көрсетті» Естеріңізге салсақ, 25 шілдеде елімізде алғаш рет ауыл әкімдерін тікелей сайлау өтті. Ресми мәлімет бойынша, елімізде 2 346 әкім бар, 25 шілдеде олардың ішіндегі 730-ы тікелей дауыс беру арқылы сайланды. Біздің ауданда Ақарал ауылдық округіне әкім болып Е.Бегасилов, Андас батыр ауылдық округіне Д.Қожамберді сайланды. Қызметтеріне сәттілік тілеймін!
Зауре Бейсенбаева,
Меркі аудандық мәслихатының депутаты,
«Nur Otan» партиясының «Алатау» бастауыш ұйымының төрайымы.