Болашаққа үмітпен

Меркі аудандық Оқушылар «Үміт» сарайында аудандық білім бөлімінің қолдауымен, психологиялық-педагогикалық түзету мекемесі ұжымының ұйымдастыруымен, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарлы мақаласын жүзеге асыру шеңберінде, балғын балалықтың, ел болашағының иесі-аяулы
балғындар үшін, инклюзивті балаларға арналған «Болашаққа үмітпен» атты мерекелік кеш болып өтті.Кештің мақсаты — түрлі ауыр диагнозбен өмірге келсе де, өмірге деген құлшынысы ерекше жандарға көңіл бөліп, қамқорлық көрсету. Қоғамның алдындағы үлкен парыз ретінде әрқашан көңіл бөлуіміз керек.Қазіргі таңда Қазақстанда 70 мыңнан астам мүмкіншілігі шектеулі балалар бар.Олар түрлі инклюзивті орталықта тәрбиеленіп, білім алуда.Меркі ауданында да ерекше мұқтаждықты қажет ететін балаларға арналған, психологиялық -педагогикалық түзету мекемесі мен балаларды оңалту және бейімдеу орталығы жұмыс жасайды.Кеш шымылдығы осы орталықтың тыныс — тіршілігі туралы бейнероликпен басталды. Сахна тақырыпқа сай безендірілді. Ортаға жүргізушілер шығып, бүгінгі іс — шараның мақсатын, міндетін, орталық туралы айтып өтті. Кезек орталықтың тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларының өнеріне берілді.
Кәсіпкерлер Усипбекова Назира, Уаоиханова Зебенисса, Мұстафаева Доғдыркүл, Алдабергенова Бейсекүл, Байжанова Аселя, «Мм Меркі» сауда орталығы және Нұр — Сұлтан қаласынан жерлесіміз Құдайбергенов Қуатқа демеушілік көрсеткені үшін, жанашырлық танытқаны үшін, сәбилердің көңіліне қуаныш, жақындарының жүрегіне жұбаныш сепкен ағаларға шексіз алғыс айтылды.Мүгедек баласы бар ана үшін, баласының амандығы ғана — арман.Осы орталықты, Меркі ауданы әкімдігінің «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты, «Жылдың үздік ұйымы» байқауының жеңімпазы, «ҚР Білім беру саласының көшбасшысы- 2020» республикалық байқаудың 1 дәрежелі диплом иегері, XIV Халықаралық шығармашылық фестиваліне белсене қатысқан, «Инклюзивті білім беру» республикалық ғылыми -практикалық шебер — сынып тренингі мадақтамасының иегері, «Үздік педагог — 2020» Республикалық байқауының «Авторлық жоба» номинациясының 1 орын жүлдегері Утешова Гулнар Срайылқызы басқарады. Мекеме басшысының басқаруымен, ұйымшыл ұжымда тәжірибелі, жүректері мейірімге толы, асыл жандар жұмыс жасайды. Ұжым мүшелері бүгінгі іс — шараға үлкен дайындық, көп идея, фантазияларын, күш — жігерлерін жұмсап, бірін — бірі қолдап, айтқызбай түсініп, ұйымшылдықпен жоғары дәрежеде өткізді.Кеш соңында клоуындар шар таратып, өнерлі балалар сахна төріне шақырылып, естелік сыйлықтарын алды.
Кеште «Ана» әні дуэт болып шырқалды. Сәкен Арина «Ара» биін билесе, Бейсен Мархабат «Сәби бақыты», Бекасыл Нұрасыл «Өнерге ғашық баламын», Рахымбай Нұрдәулет «Анам — Әкем», Выдрина Светлана «Аяулы анашым», Мухтарова Іңкәр «Бақытты шақ», Талғатұлы Ринат «Бір үйдің баласындай», Саламат Бейбарыс «Оригиналсың», Қойшыбай Айым «Отан», Қанай Алия «Айналдым ана», Мурадов Кемал «Тұлпарым», әндерін нақышына келтіре орындап, көпшілік қошеметіне бөленді. Қойшыбай Шахнұр мен Досқара Алуа «Қуыршақ» биін билесе, Абилмажин Жансерік пен Оразбай Санжар «Батырлар» биін керемет билеп берді. «Бала арманы» видеоролигі көрсетіліп, «Арман ағаштағы» тілектер оқылды.Бүгінгі кешке аудандық және облыстық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Б.Бегалиев, білім бөлімінің басшысы А.Алтынбаева және кәсіпкерлер қатысты.Қонақтар ерекше білім беруді қажет ететін балалардың қолынан шыққан туындылардан құралған жәрмеңкеден заттар сатып алып, конвертке сыйлықтарын салып, ұсынды. Жәрмеңке туындыларын жасаған шебер бүлдіршіндер туралы видеоролик көрсетілді
Ә.Боранқұлова
Оқушылар «Үміт» сарайы