Жамбылда 5 мыңнан астам дәрігерлер мен мұғалім вакцина алды

0
21415

Жамбыл облысында өз еркімен өтініш білдірген 4035 медицина, 1068 білім саласының қызметкері ерікті түрде екпе алды. Олардың қатарында балабақша тәрбиешілері, бастауыш сынып мұғалімдері, колледж оқытушылары, білім басқармасы мен бөлімдерінің қызметкерлері бар.
Облыста Спутник V вакцинасының 1 компонентімен барлығы 5540 адам егілген. Oлардың 72,8% жоғарыда айтылған медицина қызметкері, 19.8% ұстаздар қауымы құрайды.
Қазір екпе алған азаматтардың денсаулығы қалыпты. Қандай да бір кері әсерлері болмаған.
Вакцинадан соң олар дәрігерлердің толық бақылауында.
Жамбыл облысы бойынша биыл 18 жастан асқан 593 700 адамға COVID-қа қарсы екпе салынады.

Comments are closed.