Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцинация жалғасуда
2021 жылғы 6 наурыздағы жағдай бойынша «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентімен барлығы 1565 адам вакцинацияланды, оның ішінде 1472 медицина қызметкері (94%), 88 педагог (5.6%) және басқалар (0,4%).
Бірінші компонентті алған 1565 адамның 846-сы (54%) вакцинаның екінші дозасын 21 күннен кейін қабылдады, оның ішінде 844 медицина қызметкері (99.8%) және басқалары (0,2%).
Қайта вакцинациялау кезінде адам ағзасындағы антиденелер саны артады және алдыңғы вакцинаның әсері күшейеді. Вакцинацияланған жағымсыз шағымдар тіркелген жоқ.
Қазақстанда жұқпалы ауруларға, оның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация тегін және ерікті негізде, вакцинациялауға ниет білдірген адамның ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі. Коронавирусқа қарсы иммундау ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.