МЕРКІ АУДАНЫНДА «ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ КОНСТИТУЦИЯ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Меркі ауданында отбасы институтын нығайту, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғам өміріндегі маңызын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Отбасылық құндылықтар және Конституция» республикалық байқауының аудандық кезеңі қорытындыланды.
Байқау барысында қатысушылар өз отбасындағы береке-бірлікті, ұлттық салт-дәстүрді ұстану үлгісін және отбасылық құндылықтарды дәріптейтін жұмыстарын таныстырды.
Салтанатты марапаттау рәсіміне Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Азатұлы Өмірбек қатысып, отбасы – қоғамның негізгі тірегі екенін атап өтті. Сондай-ақ, ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіріп, отбасындағы өнегелі тәрбиені қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
🏆 Байқау қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – Далиевтар отбасы
🥈 ІІ орын – Маметековтар отбасы
🥉 ІІІ орын – Әбеновтар отбасы
🥉 ІІІ орын – Жақыпбек Сезім
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз. Отбасы құндылықтарын дәріптеп, өнегелі өмір салтын насихаттап жүрген әр отбасы – өскелең ұрпаққа үлгі.
















