Марат шаруа қожалығында болып, шаруашылықтың жұмысымен таныстым

Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев жұмыс сапары барысында «Марат» шаруа қожалығында болып, шаруашылықтың жұмысымен танысты. Сапар аясында шаруашылықты тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесі зерделеніп, қажетті инфрақұрылымдық мүмкіндіктер қарастырылды.
Сонымен қатар, шаруашылықтың қызылша және қарбыз алқаптары араланып, егістіктің жай-күйі, суару жұмыстары және агротехникалық шаралардың орындалу барысы бағамдалды. Шаруашылық басшылығымен пікір алмасу барысында өндірісті дамыту мен инфрақұрылымды жетілдіруге қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.


















